Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен ауылға жаңа мектеп салынып жатыр

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ералы Тоғжанов әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданының тұрғындарына көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Вице-премьер инспекция барысында кентті қалпына келтіру толық қарқынмен жүргізіліп жатқанына көз жеткізді, бұл шараға 185 адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылды. 62 жеке құрылыстың жөндеу жұмыстары аяқталды, — делінген хабарламада.

Жібек жолы ауылында 150 орындық жаңа мектеп салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ Үшбұлақ және Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді.

Ералы Тоғжанов, Жамбыл
Фото: Primeministr.kz

Зардап шеккен тұрғындарға барлық қажетті материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіліп отыр, — делінген хабарламада.