Бақытжан Сағынтаев: Мектептердің жанындағы 70 футбол алаңы жөнделеді

Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында балалардың денешынықтыру мен бұқаралық спортқа белсенді түрде қатысатынын хабарлады.

Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Футбол, Спорт
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі сонымен бірге бұқаралық спортты дамыту жұмыстары жалғаса беретін айтты.

Футбол, Спорт
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі