Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

Оқиғаға куәгер болған дүкен сатушысының айтуынша, Mitsubishi автокөлігі Жандосов көшесімен шығысқа қарай келе жатып, Шаймерденов көшесінің қиылысындағы дүкен жанына тоқтаған. Жүргізуші дүкенге кіріп, тамақ пен сусын алған. Сатушыға бүгін қызының туған күні екенін айтқан екен.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша жол апатының хронологиясын қалпына келтіруге, сондай-ақ тергеудің объективтілігін, жан-жақтылығын және толықтығын қамтамасыз етуге болады, — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жүргізушіден бөлек, көлікте тағы екі жолаушы болған. Олар көлікте отырғанда бұрылыстан атып шыққан Subaru Legacy қарсы жолаққа шығып кетіп, тоқтап тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды.

Соққының қатты болғаны сонша, екі көлік екі жаққа ұшып кетті. Тоқтап тұрған көліктің алдында отырған жүргізуші мен жолаушыны алдыңғы терезеден сыртқа лақтырып жіберді. Дәрігерлер келіп жеткенше екі жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына келген дәрігерелер олардың мерт болғанын хабарлады.

Mitsubishi-дегі екінші жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Subaru көлігіндегі жүргізуші мен үш жолаушы да зардап шеккен. Екі көліктен де алкогольді ішімдіктердің бөтелкелері табылды. Оқиға орнына келген жол полициясы мен криминалист болған апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

ДереккөзZakon.kz