Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 7 миллионнан асты

10 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 7 010 302  адам вакцинаның I компонентін салдырды, ал 5 834 656 адам вакцинаның II компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Статистика

Вакцинация бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 903 291 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 790 807.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 147 680 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 4 024 адамнан коронавирус анықталды. Коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 97 науқас қайтыс болды.