ҚР Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды

Қуандық Бишімбаев 12 қаңтарда Астана қаласы Алматы аудандық №2 аудандық сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде бір топ адамдармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Қараша айында дәл осы холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек DEVELOPMENT» төрағасының орынбасары, Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы мен бірнеше атқарушы директор 288 миллион теңге парамен ұсталған еді. Арада көп уақыт өтпей тергеушілер бұл іске  Қуандық Бишімбаевтың да қатысы барын анықтаған сияқты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

КТК арнасының хабаралуынша, экс-министр кем дегенде 15 жылға сотталуы мүмкін.

Қуандық Бишімбаевтың еңбек жолына қызығып қарайтындар көп еді.  Ол 19 жасында университет бітіріп, Америкада «Болашақ» бағдарламасымен оқып, 3 жоғарғы оқу орнын үздік бітірген. 21 жасынан бастап мемлекеттік қызметкер. 25-інде министрдің кеңесшісі, кейін «Самұрық-Қазынада» төрағаның орынбасары болды.«Бәйтерек» ұлттық холдингін де 3 жыл басқарған.

Дереккөзkaztag.kz