Алматыда 90-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, сабақ басталғанға дейін бір тәулікте 160 оқушыдан вирус анықталған.

Қазір оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы төмендеді. Оқу жылы басталғалы мектепке барып білім алған 89 баладан вирус анықталды. Олар білім алған сыныптың барлығы карантинге жабылды, яғни оқушылар онлайн режимде білім алып жатыр. Оқушылар вирусты мектеп қабырғасында емес, отбасында жұқтырған. Сондықтан ата-ана қауіпсіздік талаптарын сақтануы қажет, − деді Жандарбек Бекшин.

Бас дәрігердің айтуынша, бұған жол бермеу үшін отбасында вирус жұқтарған туыстар оқшаулануы керек және олармен баланың байланысын шектеуі қажет. Егер үй-жағдайында оқшаулану мүмкін болмаса, онда ауырған адамды медициналық мекемелерге карантинге жіберуге болады.