Жандарбек Бекшин «йота» штамы қарттарға қауіпті екенін айтты

Жандарбек Бекшин бұл штамның, әсіресе, егде тартқан адамдардың арасында коронавирустан қайтыс болу деңгейін арттыруы мүмкін екенін жеткізді.

«Йота» былтыр қарашада Нью-Йоркте табылған. Оның жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15% жоғары. Бүгінде қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл штамм туралы көптеген мәлімет бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді, – дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен бірге ол «дельта» штамының жұқпалылығы Ухань штамынан үш есе жоғары екенін айтты.

Сондықтан қазіргі уақытта коронавирустың «дельта» штамы «йота» штамына қарағанда қауіпті. Бүгінде «дельта» «йотаны» ығыстырды, сонымен қатар АҚШ-та да басым. Біздің міндет – ел кеңістігін басып қалған «дельтаның» неғұрлым жұқпалы штамына қарсы тұру, – деп атап өтті ол.