· Қорабы автоматты салынатын көліктерге қарағанда қолмен салынатындары 6-10% жанармай үнемдейді.
· Жаңа көліктің көндігуі өте маңызды. Жаңадан салоннан сатып алған көліктің алғашқы 300 шақырымы көлікті көндіктіру барысы болуы керек. Алғашқы 500 шақырым ішінде мотордың жылдамдығын 1800 реттен асырмай, мүмкіндіктің барынша бірқалыпты жүруі жөн. Ал, келесі 500 шақырымында мотордың айналу жылдамдығын 2000 реттен асырмай, жылдамдықты мүмкіндіктің барынша шұғыл үдетпеуге тырысу керек.
· Орынды жылдамдықпен жүру. Көліктің дизайны мен оның жылдамдығы бір-біріне әсер етеді. Жоғары жылдамдықта жүретін тегіс, әрі ұзақ жолда ақырын жүрсеңіз немесе ақырын жүретін жерде қатты жүріп, дереу ақырындап, осы барысты қайталай берсеңіз көлігіңіз жанармайдың жұты дей беріңіз.
· Ең тамаша амал – бірқалыпты жүріс. Қажетсіз жанар-жағармай шығынын азайту үшін газ бен тежегішті басуды барынша азайтып, өзгермейтін қалыпты жылдамдықпен жүруді жалғастыру керек.
· Қолмен қосылатын жылдамдық қорапшалы көліктерде жоғары жылдамдық меңгергіш арқылы төмен жылдамдықпен жүру де жанармайды үнемдеуге көмектеседі. Бірақ, бұл жағдай моторыңызға күш түсіруі мүмкін.
· Газды шұғыл басуға болмайды. Газды шұғыл басу жанармайдың толық жанып бітуіне мүмкіндік бермейді.
· Өрлеп биікке шығатын жолға тап болғанда қайқаңның биік-аласалығына, алыс-жақындығына қарамастан, алдымен жылдамдықты арттырып, өрге шығып бара жатқанда жылдамдықты өзгертпеуге тырысу керек.
· Көлікті баяу қыздырып әдеттену керек. Қызып, бір минуттан кейін жолға шығып, 2-3 жылдамдық қорабымен 3-5 шақырым жол жүргеннен кейін жылдамдықты ауыстырса, өнімі жақсы болады.
· Жүріп келіп тоқтаған соң, 30 секундтан кейін барып көлікті өшіріңіз.
· Көліктің оталып тұра беруінен сақтану керек. Мотор үш минут бос айналғанда шығындалған жанармай бір шақырым жүргендегі шығындалған жанармаймен бірдей.
· Көлік тез қозғалып келе жатқанда терезені ашуға болмайды. Тез жүріп келе жатқан көліктің ауа суытқышын өшіріп, терезе ашып, энергия үнемдеуді жөн көретін жүргізушілер бар. Бұл қате көзқарас. Терезе ашқанда ауа алмастырғыш жұмыс істеп тұрған кездегіден 10% артық жанармай шығын болады.
· Бір күн ішінде жағармай пункттеріне барудың ыңғайлы мезгілдері болады. Таңғы мезеттер мен кешкі мезгіл жанармай толтырудың тамаша уақыты.
· Мотор және тағы басқа майлау майларын уақытында ауыстырып тұру.
· Ерекше сәндеу көлікке қысым түсіреді. Кейбір көлік әуескерлері көліктің есік терезесіне су ағар тақтайша немесе т.б дүниелермен безендіруге әуес. Бұл жайт әр он шақырым сайын жанармай шығынын 1% арттырып отырады.