Марат Ахметжанов Мемлекетаралық кеңестің төрағасы болды

ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл байынша Мемлекетаралық кеңестің VI отырысы онлайн форматта өтті.

Кеңеске қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен іс-қимылдарды және міндеттемелердің орындалу мониторингін үйлестіреді.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М.Ахметжанов кеңес төрағасы болып сайланды. Кеңес отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары мен мамандандырылған органдарының басшылары қатысты.

Агенттік төрағасы елдегі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған мақсатты бағытты ұстанатынын, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол қылмыстық процесті жеделдетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарға және мемлекет басшысының жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аудара отырып, әріптестерін елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.