Биыл 4 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Мале бағытында тұрақты рейстер ашады.
Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.
Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.