Басты бет Жаңалықтар «Қазақфильмге» тінту жүргізіліп жатқаны рас па?

«Қазақфильмге» тінту жүргізіліп жатқаны рас па?

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақфильм" акционерлік қоғамында тінту жүргізу туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Фото: Кazakhfilmstudios.kz

Атап айтқанда, агенттіктің орталық аппараты және аумақтық департаменттері «Қазақфильмге» қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқан жоқ.

Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты агенттік ақиқат емес ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырады.

Exit mobile version