Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында...

Жамбыл облысында әкімдік қызметкерінің денесі табылды

Талас ауданы полициясының кезекші бөліміне Қаратау көшесінен оқ жарақаты бар белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Алайда жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгенімен, қаза тапқан адамның өз атына тіркелген аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталды.

Қабылданған шаралар барысында қайтыс болған адамның кім екені анықталды, оны туыстары таныды. Ол аталған елді мекеннің тұрғыны болып шықты. Өзіне қол жұмсау себебін және істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге Талас ауданы әкімінің баспасөз қызметі де марқұмның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істегенін растап отыр.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты істің басқа да егжей-тегжейі жария етілмейді, – дейді полицей.

Қазіргі уақытта полиция департаменті барлық қажетті сот сараптамасын тағайындады.