Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрі, армия генералы Евгений Николаевич Зиничевтің мегілзсіз қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жеке өз атымнан қайғыра көңіл айтамын.
Евгений Николаевичтің қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық.
Ол көреген басшы, беделді саясаткер және біздің ведомстволарымыз арасындағы екі жақты қатынастарды орнатуға және дамытуға ерекше үлес қосқан тұлға болып мәңгі есімізде қалады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жеке өз атымнан Евгений Николаевичтің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрлігінің барлық қызметкерлеріне көңіл айтамын, − деді төтенше жағдайлар министрі.
Айта кетейік, Евгений Зиничев 1966 жылы 18 тамызда Ленинградта дүниеге келген.
Еңбек жолын 1987 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында бастап, 2015 жылы Ресейде жалғастырды.
Калининград облысы бойынша ФСБ басқармасының бастығы болып тағайындалғанға дейін ФСБ терроризммен күрес қызметі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2018 жылғы 18 мамырда Ресей президентінің жарлығына сәйкес Евгений Зиничев Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрі болып тағайындалған.
2020 жылдың 21 желтоқсанында оған армия генералы атағы берілді.