“Біз төрт жасымыздан бастап еңбекке араластық. Қырманда жүріп есейдік. Шынында да, адам сәулетшісі – Ана ғой. Ойлап қараңызшы, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы да сол ана емес пе?!”, – дейді актер.
Әңгіме барысында Әшімов ана құшағының жұмақ мекен екенін бағамдауға болатын ғалымдардың зерттеуін сөз етті.
Ғалымдар анасынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылыпты.
Ал жастайынан шеше бауырында есейген актер үшін ананың орны тіптен бөлек болатын. Әртістің анасы «Әйел адам – ұлттың айнасы» деп жиі айтып отырған.
“Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайды екен. Тіпті, сонау ашаршылық кездерінде де, соғыс тұсындағы аласапыран, алмағайып күндерде де аналарымыз жаулығын тастаған емес”, – дейді Әшімов.
Айналама қараймын. Қараймын да қамығамын. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқандай
“Айналама қараймын. Қараймын да қамығамын. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқандай. Ертең кешегі қазақ пен бүгінгі қазақтың арасы жер мен көктей алшақ тартып, ежелден ұлы құндылыққа бай біз ұлт ретінде өзімізді жоғалтып аламыз ба деп алаңдаймын”, – деп кейіді актер.
“Ал қазір ше? Айдың, күннің аманында аналар түгел жалаңбас қалды. Бастағы орамалдың мәнісі де жат жұрттық болып, ана атану еді. Қазір қызы да бір, анасы да бір. Баяғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады деп айтатын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айырылып қалатындай», – деді cөз соңында Асанәлі Әшімов.
Қазіргі ұрпақтардың әліде қасиеті бар. Тек оларды оятса қана қазақ күшіне енеді. Сонда қазақ ұлтынан басқа мықты ұлт болмайды.
«Қазіргі ұрпақтардың әлі де қасиеті бар. Тек оларды оятса ғана қазақ күшіне енеді. Сонда қазақ ұлтынан басқа мықты ұлт болмайды.» Кім бұл ойды сізге құйғанын білмеймін, бірақ рухы азыса оны тірілту мүмкін емес.
Казах арине азады уз баласына, уз атын койса.
Өте дұрыс айтады атамыз