Басты бетМедицинаЕліміздегі дәрі-дәрмектердің...

Еліміздегі дәрі-дәрмектердің шекті бағасы белгілі болды

Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы бұйрығына сәйкес, дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағалары, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілді.

Мысалы, көтерме саудадағы Анальгин бағасы өндірушісіне байланысты бір қаптамасы 55,26 теңгеден 550,44 теңгеге дейін, бөлшек саудада – 85,65 теңгеден 798,14 теңгеге дейін деп бекітілді.

Ал Ангисептің бағасы көтерме саудадағылар үшін 62,92 теңгеден – 85,91 теңгеге дейін, ал бөлшек саудададағылар үшін 97,53 – 113,16 теңге аралығында сатылып жатыр. Сонымен бірге Антигриппин бағасы өндірушісіне байланысты 388,23 – 784,74 теңге аралығын құрайды. Баралгин – 1 885,60–2 084,30 теңгеден болса, Валидол – 170,87 теңгеге бағаланып отыр.

Оған қоса, Кардиомагнил – 483,55 – 2 397 теңге (өндіруші мен дозасына байланысты) аралығында, ал Парацетамол – 30 теңгеден 420,48 теңгеге дейін (суспензия) деп тіркелді. Диклофенактың – 520 теңгеден (таблеткадан) 2 779 теңгеге дейін (көз тамшылары) деп белгіленді. Ибупрофеннің бағасы өндірушісіне байланысты 187 теңгеден 2 329 теңгеге дейін аралықта болады.

Айта кетейік, тізімге енген барлық дәрі-дәрмектер саны – 7 023. Дәрілердің толық тізімін мына жерден көре аласыздар. Бұйрық 2021 жылы 18 қыркүйекте күшіне енеді.