Басты бетЖаңалықтарЕліміздің ірі...

Еліміздің ірі үш қаласында 5G ұялы байланысы тестілеуден өтеді

Қазақстан Республикасы Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы елдің үш қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G стандартындағы ұялы байланысты тестілеуден өткізу туралы шешім қабылдады. Ешқандай оператордың эксклюзивті құқығы болмайды, жоспар кестесіне сәйкес 5G ұялы байланысын сынау мүмкіндігі белгілі бір уақытқа «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС берілді. 5G стандартындағы ұялы байланыстың коммерциялық тұрғыда ұсыну мерзімін нақты айту әзірше мүмкін емес, − делінген хабарламада.

Сонымен бірге заң жобасы Парламент Сенатының қарауында екені айтылған.

Бұл мәселе толықтай заң жүзінде реттелгенде ғана конкурс (немесе аукцион) нәтижесі бойынша жеңген оператор 5G стандартын коммерциялық қолданысқа енгізетін болады.