Басты бетҚоғамЕлімізде жыл...

Елімізде жыл басынан бері қанша адам қандас мәртебесін алды?

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 6,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Олар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Ведомствоның хабарлауынша, биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша этникалық қоныс аударушылардың 55,2%-і еңбекке қабілетті жаста, ал 27,1%-і балалар, 17,6%-і зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11%-інің ішінен білім деңейі жоғары, 39,4%-інің орта кәсіби, 45,7%-інің жалпы орта білім бар. Ал 3,9%-інің білімі жоқ.