Басты бетҚоғамНұр-Сұлтанда балалар...

Нұр-Сұлтанда балалар үйіне бөлінген 25 миллион теңгені жымқыру дерегі тіркелді

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы, — делінген хабарламада.

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 миллион теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу жалғасып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.