Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе мен Қазан арасындағы әуебайланысты Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 1 рейспен орындайтын болады. Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиология жағдайына, Ведомствоаралық комиссия мен Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болады.
Рейстер санитария-эпидемиология талабын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.