Қазақстанда 7 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

8 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 6 928 646  адам вакцинаның I компонентін салдырды, ал 5 755 817 адам вакцинаның II компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 892 420 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 776 635.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 146 010 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 3 639  адамнан коронавирус анықталды. Коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 82 науқас қайтыс болды.