Басты бетЖаңалықтарАтырауда браконьерлерге...

Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен инспекторлар ұсталды

Мәліметтерге сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері браконьерлерге қолдау көрсетті деген күдікке ілінген балық шаруашылығы қызметінің екі инспекторын ұстады. Тергеу барысында балық қорғау инспекторлары браконьерлерге тәртіп сақшыларының рейд жүргізетінін алдын ала ескертіп, теңізге алаңсыз шығуға жағдай жасап тұрған.

Инспекторлардың біреуі қала маңындағы Дамба ауылында өзен жағасынан ұсталды.

Ол екі балықшымен бірге теңізден оралған беті екен. «Амур» моторлы қайығынан жедел қызметкерлер 50 келідей қара балықты тапты. Ал кейінірек навигациялық аспапқа «соғылған» координаттар бойынша теңізден бос қытайлық аулау торы табылды. Екінші инспекторды үйінен алып кетті, тінту кезінде қызыл балықтың бір кесегі тәркіленді,  − деп жазылған хабарламада.