Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қырыққабат...

Қазақстанда қырыққабат пен пияз арзандады

Вице-министр Үкімет отырысында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9% өскенін айтты.

Атап айтқанда, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34% немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41% немесе 122 теңгеге төмендеді. Сонымен қатар кейінгі апталарда қырыққабат 0,4%, пияз 0,1% арзандады, – деді Ержан Қазанбаев.

Ведомство өкілінің дерегінше, бағаның ең жоғары өсімі Түркістан облысында — 11,6%, 11,3% – Қызылорда облысында және 11,3% Қостанай облысында тіркелгенін атап өтті.

Ал ең төмен өсім — 9,5%, бұл Алматыда, одан кейін 9,6% – Алматы облысында және 9,7% Қарағанды облысында белгіленді.