Соның ішінде, 2022 жылы газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңі іске қосылып, 500 жұмыс орны құрылады.
Полипропилен өнімінің 90 пайызы экспортталады. 2024 жылы полиэтилентерефталата және терефтал қышқылы өндірісінің құрылысы іске қосылып, 230 жұмыс орыны құрылады, — деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Мемлекет басшысы Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылу барысында өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өткен болатын. Осы ретте, Президент аталған бағдарламаны 2022 жылға дейін ұзартты.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2021 жылға бөлінген 650 млн. теңге бүгінгі күнге толықтай игерілді. Жалпы сомасы 27,1 млрд. теңгені құрайтын 67 жоба іске асырылуда. Банктер және Аграрлы несие корпорациясында жалпы сомасы 11,2 млрд. теңгені құрайтын 49 жоба мақұлданды.
Нәтижесінде, 1175 жоба қаржыландырылып, 3513 жұмыс орны сақталды және 1 237 жаңа жұмыс орны құру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 1 млрд. теңге қаражат бөліп, 238 бизнес-жобаны қаржыландыру көзделіп отыр, — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Ел Президентінің ерекше атаған елдегі проблемасының бірі, жайылымдық жердің тиімсіз пайдаланылуы екендігі белгілі. Осы ретте аймақ басшысы мал азығын дайындау мақсатында аудан әкімдеріне тапсырма берді.
Бос жайылымдық жерлер есебінен ауыл тұрғындары үшін шөп дайындайтын жерлер бекітіліп, сол жерлерге тұрақты мал азығын дайындауды тапсырамын. Бұл жерлер конкурсқа шығарылмай, халық үшін пайдалануы тиіс – деді, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Жиын барысында зиялы қауым өкілі Қадір Жүсіп, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Сәдуақасова және жас актер Нұрбек Сьезхан мен қоғамдық ұйым өкілдері Жолдау жүктеген міндеттер туралы пікірлерін ортаға салып, жоспарларымен бөлісті.
Еске сала кетелік, жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті басқарма басшылары, саяси партиялар, зиялы қауым және қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.