Басты бетҚоғамЕлімізде қан...

Елімізде қан тапсырғаны үшін берілетін өтемақы алты есе көтеріледі

Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшеріне тең, — делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Биыл 1 АЕК 2 917 теңге екенін ескерсек, бұл сома 4 375 теңгеге жетеді.

Айта кетейік, қазір өтеусіз негізде қан тапсыратын донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы 0,25 АЕК немесе 729 теңге.

Түсіндірме хатта айтылғандай, Ресейде донорға 1200 руб — 6 800 теңге; Беларусьте 31,55 бел.руб — 5 045 теңге беріледі. Ал Германияда тегін тамақтан бөлек, 40 еуро — 20 200 теңгеге дейін алуға болады.

«Қазақ тағамтану академиясының» ұсынымдарына сәйкес, донорлар қан тапсырған күні ақшалай баламасы 1,5 АЕК немесе азық-түлік жиынтығы 4 790 ккал болатын тағам рационын алуы керек», — делінген құжатта.

Жобаны қоғамдық талқылау мерзімі 20 қыркүйекке дейін созылады.