Күнсұлу Закарья отандық вакцина құрамындағы штамды ауыстыру және оны жануарларға сынау жұмысына 2 ай жұмсалғанын мәлімдеді.
Біздің ел аумағына дельта штамы келген сәттен бастап, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес оны зерттеуге кірістік. Клиникаға дейін зерттеу жануарларға жүргізілді. QazVac-тың штамдық құрамын өзгерту арқылы жануарларға жүргізілген зерттеу жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми рұқсатын күтіп отырмыз. Яғни QazVac құрамындағы Ухань штамын Дельта штамына ауыстыратын боламыз. Зерттеу нәтижесімен танысып, министрлік рұқсат берген жағдайда, QazVac-тың келесі партиясы жаңа құраммен әзірленеді. Әрине біздің ғалымдар тәуекелге барып отыр. Дегенмен тәуекел ақталып, оң нәтижеге қол жеткізіп отырмыз, − деді Күнсұлу Закарья ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, QazVac вакцинасының үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеу жұмысы аяқталғанын жазған едік.