Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде -30 градсутық аяз болады

«Солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы 23-30ºС аяз болады, ол нормадан 4-8º төмен. Алдағы күндері ол аудандарда қар жауып, бұрқасындатып, батыстан күшті 15-25 м/с жел тұрады», – делінген жұма күнгі хабарда.

Бұл ретте еліміздің оңтүстігінде жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады. Ауа температурасы бұрынғысынша әдеттегіден 3-6ºС жоғары болады.