Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 91 адам қайтыс болды

Фото: Coronavirus2020.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 93 014 адам (–85 418 + және 7 596 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 21 074 пациент, амбулаторияда 71 940 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 491 адамның жағдайы ауыр, 425 пациенттің жағдайы өте ауыр. 201 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 3 897 адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version