Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді. Ақсу-Аюлы аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бала үйде ем қабылдауы үшін ата-анасына тапсырылды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.