Әуелі 63 килода белдесетін Мадияр Мәулетқанов финалда Беларусь балуаны Глеб Макаренкоға жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Бұл Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде еді.
Осыдан кейін 67 килограмдағы Дінмұхамед Қошқар ақтық сында әзірбайжандық Хасрат Джафаровтан ұтылып, ел қоржынына екінші күміс жүлдені салды. Ал 77 келіде сынға түскен отандасымыз Расул Жүніс қолаға қол созып, ресейлік Ислам Алиев пен өзбекстандық Муроджон Алимжановтан кейін үздік үштікті түйіндеді.
Сонымен қатар 87 килодағы Мақсат Сайлау да ақтық сында ресейлік Мухаммад Евлоевтан айласын асыра алмай күміс жүлдегер атанды.
Бұдан бөлек, 130 килода боз кілемге шыққан Асылбек Жәнібекұлы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола медаль алды. Алтын Беларусь спортшысы Никита Ковальскийді жеңген әзірбайжандық Сархан Маммадовке бұйырды. Әзірге Қазақстан делегациясы 3 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте төртінші орында келе жатыр.