Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың, соның ішінде Алматы хайуанаттар бағының жетістіктері туралы жаңалықтармен де бөлісті.
Басқарма басшысының айтуынша, мұнда 130 жабайы аң дүниеге келген. Аю мен гиенаға арналған жаңа корпус іске қосылыпты. Бұл хайуанаттар бағына келушілер санына оң әсер еткен. Соның арқасында биыл хайуанаттар бағында 565 289 адам болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 200%-ға көп.