Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда инфекциялық...

Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар кезең-кезеңімен жабылады

КВИ ауруының төмендеуіне байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаларды жабу туралы шешім қабылдады, олар қажеттілікке байланысты мамыр-шілде айларында жұқпалы аурулар ауруханасына қайта бейімделген болатын. Соңғы 2 күнде біз 370 төсек-орны бар 3 ковидті стационарды жаптық. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы, ҰҚК госпиталі және өзге екі аурухана, – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Сонымен қатар спикер келесі аптада эпидемиялық ахуалға байланысты ковидтік стационар ретінде ашылған қаланың тағы екі ауруханасында инфекциялық төсектер жиналатынын айтты.

Бұл – 366 төсектік №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және акушерлік блогы және академик Н.Д. Батпенов атындағы 112 төсектік Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы, – деді ол Денсаулық сақтау басқармасында өткен онлайн брифингте.

Дегенмен, ведомство өкілі қаладағы коронавирус жұқтырушылардың саны азайғанмен, карантин шараларын сақтау керек екенін айрықша атап өтті.

Жұрт назарын қаладағы эпидемиялық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, вирус жойылмағанына аударғым келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, осымен екінші жыл қатарынан сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі жазғы кезеңге, демалыстарға орай келіп отыр. Ең бастысы – санитарлық нормаларды толық сақтау және вакцинация. Вакцинацияның көмегімен біз аурудың деңгейін төмендетіп, инфекцияның таралуын тоқтата аламыз, – деді Әлия Рүстемова.