Сатып алу шарттары бойынша бағалар:
- 3-сыныпты бидай (дән маңызының 23%) – 103 мың теңге ҚҚС қосылған;
- 3-сыныпты бидай (дән маңызының 25%) – 105 мың теңге ҚҚС ҚҚС қосылған;
- 3-сыныпты бидай (дән маңызының 27%) – 107 мың теңге ҚҚС қосылған;
- 4-сыныпты бидай — 98 мың теңге ҚҚС қосылған;
- 5 сыныпты бидай — 90 мың теңге ҚҚС қосылған;
- сыныпсыз бидай — 85 мың теңге ҚҚС қосылған;
- 2 сыныпты арпа — 87 мың теңге ҚҚС қосылған.
Азық-түлік корпорациясы ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес әділ нарықтық баға белгіледі. бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. 2021 жылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғы сатып алу бағасынан 24%-ға жоғары, — делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа түпкілікті өнімге бағаны тұрақтандыру мақсатында тіркелген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады.