Басты бетЖаңалықтарПавлодарда COVID-19...

Павлодарда COVID-19 жұқтырған 2 баланың жағдайы нашар

Балалардың көбі – 6 жастан асқандар. 6 жасқа дейінгі 20 бала бар. 2 бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Олардың бірі – 15 жастағы бала. Ол жүйкелік синдром бойынша бұрыннан есепте тұрған, басқа ауруы бар. Ауруханаға 26 тамызда түскен еді. Бүгін негізгі бөлімге ауыстырылды, – деді ол онлайн өткен баспасөз жиынында.

Зере Садақованың айтуынша, жансақтау бөліміндегі екінші бала – 1 жаста. Нәресте 18 күннен бері реанимацияда жатыр.

Кішкентай балада коронавирустық пневмония болған. Өкпесінің 36 пайызы зақымданған. Жағдайы жақсарып келе жатқан болатын. Бірақ соңғы 2 күнде нашарлауда. Ол көкірекаралыққа ауа жиылуына байланысты. Бұндай жағдай сирек кездеседі. Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Толық көлемде емдеу қабылдауда, – деді дәрігер.