Басты бетҚоғамМәлік Олжабеков...

Мәлік Олжабеков цифлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында туған. КИМЭП университетін, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.

2012-2017 жылдары «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы, төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2019 жылдың тамызынан бастап қазірге дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.