Қапшағай полициясына 21 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Ол «полицеймін» деп таныстырған ер адам сеніміне кіріп, ақша алғанын айтқан.
Қаражатты қайтармағаны себепті полицияға арызданған. Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшыларs оның не себепті өзін «полицеймін» деп таныстырып, қандай мақсатпен ақша алғанын, сонымен қатар өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», — делінген Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Департамент ұсталған адамның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдеді.