Мәліметтерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында ер адамның табанына құрылыс алаңында шеге кіріп кетіп, сіреспе жұқтырды. Ғабит Мүсірепов аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы ер адамның сіреспеден қайтыс болу оқиғасын тергеп жатыр.
Өзбекстан Республикасының азаматы 2020 жылы осы өңірге құрылыс жұмысына келген. 21 тамызда құрылыс жұмыстары кезінде ол оң аяғын тот басқан шегемен жарақаттаған.
25 тамызда, кешкі 10-нан кейін, оның басы тартып, жақ сүйегінде құрыс-тырыс пайда болады. Өзбекстандық азамат медициналық көмекке жүгінбеген. Алайда, 26 тамызда жедел жәрдем бригадасы шақырылып, науқас аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Дәрігер науқасты қарау кезінде жақтың сіресіп, бүкіл омыртқаның қисаюы, қатты әлсіздікті анықтады. Эпидемиялық анамнез мен клиникалық сипатқа негізделген диагноз сіреспе деп қойылды. Науқастың екпе алған-алмағандығы белгісіз, − деді Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Арман Кушбасов баспасөз мәслихатында.
Департамент бастығы өзбекстандық азаматқа шұғыл вакциналау жасалғанын және ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы өзгеріссіз, үнемі ауыр халде болғанын айтты.
Айта кетейік, науқас 28 тамызда ауруханада жан тәсілім етті.