Басты бетҚоғамПрезидент ветеринарлардың...

Президент ветеринарлардың жалақысын көбейту керек екенін айтты

Президенттің айтуына қарағанда, мал басының амандығы ауылдағы ағайыннның әл-аухатына тікелей әсер етеді.

Ветеранерия саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайыннның әл-аухатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін Үкіметке жыл соңына дейін үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру маман даярлау және ветеринарлардың жалақысын көбейту шараларын қамтитын ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, мұның алдында президенттің жеке шаруаларды мал жайылымымен қамтуды тапсырғанын хабарлаған едік.