Мемлекет басшысы бюджет кірісін арттыруды тапсырды

Кейінгі кезде мемлекеттік шығыс міндеттемелерін жабу үшін бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан алынатын трансферттің арту тенденциясы байқалып отыр. Үнемі мұндай жеңіл жолмен жүру мүмкін емес. Қаржылық тұрақтылық қоры шексіз емес. Бюджеттің кірісін арттыру бойынша шаралар қажет екені анық, — деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігіне бақылау керек екенін айтты.

Ұлттық қор активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережені енгізуді жеделдетуі керек. Тиісті заңнамалық түзетулер жылдың соңына дейін қабылдануы қажет, − деді президент.