Басты бетҚоғамАлматыда халық...

Алматыда халық санағының онлайн кезеңі басталды

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырды.

Өйткені бұл деректер жергілікті атқарушы органдарға бірқатар әлеуметтік мәселені шешуде, оның ішінде көші-қон мәселелерін шешуде маңызды көмек болады. Алынған мәліметтер жаңа мектептер, балабақшалар, емханалар мен басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру туралы шешім қабылдаған кезде ескерілетін болады, — делінген хабарламада.

Санақ кезеңінде алматылықтар Ұлттық санақтың сауалнама сұрақтарына ыңғайлы онлайн форматта немесе үй жайларды аралау кезінде дәстүрлі форматында жауап бере алады.

Онлайн формат қала тұрғындары үшін www.sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында қолжетімді (санақ веб-сайтына egov.kz сайтынан және мемлекеттік органдардың сайттарынан, Aitu қосымшасы арқылы кіруге болады), онда Sanaqman виртуалды көмекші респонденттерге онлайнда өзіңізге және сіздің отбасы мүшелеріңізге сауалнаманы толтыру бойынша түсініктеме бере алады.

Дербес санау сайты респонденттің орналасқан жеріне қарамастан 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін тұрғындарға 24 сағат бойы қолжетімді болады. Тұрғындардың үйлерін аралап үздіксіз сауал салу дәстүрлі форматы 1 қазаннан 30 қазанына дейін электрон планшеттер арқылы сұхбат алушылармен сауал алу арқылы өтеді.

Онлайн санақтан өту мүмкіндігі 45 күнмен шектелгендіктен, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әр ауданының ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, ХҚО-да, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және т.б. жерлерде мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін мамандандырылған санақ орталықтарын ашуға тапсырма берді.

Санақ пункттері онлайн сауалдан өтуге ыңғайлы болу үшін арнайы ұйымдастырылған, мұнда сауалнаманы толтыру процесін жеңілдетумен қатар, респонденттер өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін де алаңдамайды, өйткені сұхбат алушылар вакцинацияланады және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Санақтан өткеннен кейін респондентке коды бар СМС хабарлама келеді, ол міндетті түрде сақталуы қажет және қазан айында дәстүрлі үйлер мен пәтерлерде сізге келетін санақтың сұхбаталушыларына ұсынылады.

Онлайн санақ кезеңінде ұялы нөмірлерден 8-800 080 08 78 және тіркелген телефондар үшін 1446 бірыңғай байланыс орталығында барлық санақ мәселесі бойынша тегін кеңес беру қарастырылған.

Тәуелсіз 30 жылды елімізде 1999 және 2009 жылдары екі ұлттық санақ жүргізілген. Егер 1999 жылдың қорытындысы бойынша халық саны 14 953 100 адам болса, онда санақаралық кезеңде республика халқының саны 1 028 300 адамға өсті, ал 2009 жылы 16 009 600 адамға жетті. Ал биыл Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны тіркелді.

Айта кетейік, халықтың белсенді өсуі Алматыда байқалады. Қала жыл сайын өзінің халқын миллионнан екі миллионға дейін ұлғайтып, елдегі ең ірі мегаполис мәртебесін растап отыр.