Белгілі журналист Всеволод Овчинников дүниеден өтті

Всеволод Овчинников Ресейдегі белгілі газет және телевизиядағы жұмысымен баршаға танылды. Сонымен бірге «Международная панорама» бағдарламасының жүргізушілерінің бірі болды.

Бұдан бөлек, журналист «Правда» газетінде 40 жылға жуық жұмыс істеген. Қытайда, Жапонияда, Англияда меншікті тілші болған. Оның Жапония туралы «Ветка Сакуры» және Ұлыбритания туралы «Корни дуба» кітаптары оқырман арасында кең таралған.