Басты бет Жаңалықтар «С» дәруменінің рак клеткаларын өлтіретіндігі анықталды

«С» дәруменінің рак клеткаларын өлтіретіндігі анықталды

АҚШ-тағы Айова университетінің ғалымдары адам ағзасына тамыр арқылы енгізілген С дәрумені рак клеткаларын өлтіретінін анықтады. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

Зерттеу барысында каталаза жетіспеушілігінен рак клеткалары оны катализатор ретінде қолдана алмайтыны байқалған. Ал ағзаға С дәрумені енгізілгенде, пероксид молекулалары рак клеткаларын өлтіретіні анықталған. Бұл жағдайда көрші клеткаларға зақым келмейді. Ғалымдардың айтуынша, С дәруменінің таблеткаларын қолдану пайда бермейді. Себебі асқазан арқылы қан айналымына ол аз мөлшерде түседі екен.

Қазір америкалық клиникалардың бірінде ерікті адамдарға осы әдісті қолданылуда. Алдын ала нәтижелер бойынша, химиотепартия мен С дәруменін беру науқастардың жағдайын жақсартқан. Аталған көрсеткіш қанша уақытқа созылатыны туралы қорытынды енді шығады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version