Маңғыстау облысы орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ақтауда Каспий жағалауында аққулардың өлуі бойынша сараптама жүргізеді.
Тәуелсіз экологтардың айтуынша, биылғы қыста құстар өлімінің екінші жағдайы тіркеліп отыр, біріншісі желтоқсанда болған.
«Аққулардың өлу фактісі жылда орын алып отырады, бірақ бірең-сараң ғана. Биыл үш аққу табылды, және бұл тек қаңтарда ғана. Енді ғана ұшу кезеңі басталған желтоқсан айының басында бірнешеуі табылды», — деді «Эко Маңғыстау» директоры Кирилл Осин.
Оның пікірінше, құстардың өлуіне олардың тамақтану рационы себеп болуы мүмкін. Ол сондай-ақ жұқпалы ауру да болуы мүмкін — таралған құс тұмауы.
Құстардың не себепті өліп жатқанын тек сараптама ғана анықтап береді. Мамандар өлі құстардың ішкі ағзаларын ақтаулық ветеринарлық станцияға зертханалық тексеруге жөнелтті. Олардың қартайып өлуі мүмкін екендігі нұсқасын сарапшылар бірден жоққа шығарды, себебі олардың барлығы жас болған. Әзірге мамандар ол құстар адамға зиян ба, жоқ па, ол сұраққа да жауап бере алмай отыр.
«Біз тексерулер қорытындысын күтіп отырмыз, қосымша хабарлайтын боламыз. Мен қоқыстан және наннан деп ойламаймын, оларға бұрын да нан берген. Алайда бұл биыл бірінші рет, сондықтан тек зерттеу қорытындысын күту керек», — деді Маңғыстау облысы орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ғаббас Досатов.
Сараптама 2 аптадан кейін белгілі болады. Әзірге билік қалған құстарды бақылайтын болады.