Басты бетАуғанстанда ұлдар...

Ауғанстанда ұлдар мен қыздар бөлек оқитын болды

Кабулда Ауғанстанның жоғары білім министрлігінің баспасөз конференциясы өтті. Жиынға ЖОО оқытушылары, ғылыми орта өкілдері және ведомствоның бұрынғы шенеуніктері қатысты.

Конференция барысында Абдулу Баки Хаккани қыздар білім алуға құқылы екенін, алайда ер балалармен бірге оқи алмайтынын баса айтты. Сонымен бірге ол қыздарға «қауіпсіз білім ортасын» қалыптастыруға жағдай жасайтынын жеткізді.

Ведомство басшысының айтуынша, жуырда жоғары оқу орындары қайта ашылып, оқытушылар мен қызметкерлерге жалақы төленеді.

Дегенмен, зиялы қауым тәліптерді жаңа білім беру жүйесін құрудың орнына қолданыстағыны сақтауға әрі жаңғыртуға шақырды.