Юрий Ильин: Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылмай қалған оқ-дәрілер бар

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде екі қоймада бықсып жатқан ошақтар бар.

Осы мәселе бойынша жиналыс өткіздік. Қорғаныс министрлігінің саперлері мен өрт сөндіру қызметі аталған ошақтарда жұмыс істеп жатыр. Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері бықсып жатқан ошақтарды өшіру үшін су тасып, эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтарумен айналысып жүр. Оқиға орнында мүлікке келген залады бағалайтын комиссия жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, жақын күндері олар қираған мүлікті қалпына келтіруге кіріседі. Қауіп толық сейілмегенін ескерсек, оқиғаның эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін. Теміржол бойынша жүк тасымалы тоқтап тұр. Ал жолаушылар тасымалы бүгін шешілуі керек деп ойлаймын, — деді министр.

Юрий Ильин бәрі жалпы ахуалға байланысты екенін айтты.

Қирандыларды аршып, тазарту үшін біраз уақыт керек, көп шығын кетеді. Онда оқ-дәрімен жұмыс істеп жатқан саперлердің амандығы маңызды екенін түсіну де керек. Асығыстық жасау қауіпке итермелейді, — деді ол.