Басты бетЖаңалықтарЕлімізде мүгедектерге...

Елімізде мүгедектерге арналған киім өндіріледі

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мен ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар үшін арнайы киім мен аяқ киім өндіруді ұйымдастыру шараларын қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Мүгедектерге арналған киімдерді тігу мен аяқ киімді шығару барысында олардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескерілетін болады.

Қазақстанда бүгінгі таңда мүгедектігі бар азаматтар үшін киім тігу бойынша өндіріс орындары жоқ. Сондықтан да аталған жоба өзекті болып отыр.

Шара аясында мүгедектігі бар азаматтардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылған және дайындалған «Adaptive Clothing and Shoes» атты киім мен аяқ киім топтамасының көрсетілімі өтті.

Мүгедектерге арналған киім
Сурет: bnews.kz
Мүгедектерге арналған киім
Сурет: bnews.kz
Мүгедектерге арналған киім
Сурет: bnews.kz
Мүгедектерге арналған киім
Сурет: bnews.kz