Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына барып, орны толмас қазаға байланысты марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шара қабылданады.
Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.
29 тамыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.