Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 13 адамға жетті

Жарылыс кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

  1. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

2. Темірболатов Арнұр Серікұлы- Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;

3. Микропуло Александр Николаевич — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

 

5. Айманов Мейіржан Қақпасынұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;

Сонымен бірге қаза тапқан үш адамның жеке бас мәліметтері анықталып, жоғалған үш адам іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.

29 тамыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.