Басты бетҚоғамЖаңа оқу...

Жаңа оқу жылынды карантин талаптары қалай сақталады?

Бүгінде бас санитар дәрігердің қаулысы қабылданды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып науқаспен байланыста болған оқушылар болған жағдайда оларға синхронды қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастары бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде асинхронды қашықтан оқыту форматы ұсынылады, — деді шолпан Каринова.

Білім және ғылым министрлігінің өкілі атап өткендей, жоғарыда аталған оқушылар оқулықтармен, оқу контенті бар жүйемен, электронды журналдармен толық қамтылады.

Жиынтық бақылау жұмыстары мектептерде тапсырылады. Сабақтардың оқу ұзақтығы — 45 минут, — деді ол ОКҚ алаңында өткен брифингіде.

Мектептерде оқу процесінде қатаң түрде санитарлық талаптар сақталады. Вице-министр талаптардың негізгісіне тоқтала кетті:

  • күнделікті термометрия;
  • маска режимі, кварцтеу, желдету, дезинфекциялау жұмыстары;
  • бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеу;
  • бастауыш және жоғарғы сыныптарды араластырмау үшін әр уақытта берілетін үзілістер;
  • ауысымдар санының артуы;
  • педагогтар мен мектептердегі басқа да қызметкерлердің 100% вакцина алуы (медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мұғалімдерді қоспағанда);
  • бір сыныпқа бір кабинетті бекіту жүйесі.

Оның сөзінше, басқа да ақпараттар бойынша жергілікті атқарушы органдар оқу контенті бар цифрлық платформалармен мектептерді қамтамасыз етіп жатыр.