Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Мен Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілері арасында көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты Қазақстан халқының атынан Президент Джо Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын. Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе тасымалын тиісті деңгейде аяқтайды деп сенемін. Қазақстан бұрынғыдай терроризмге қарсы күрестегі барлық негізгі халықаралық әріптеспен күш-жігерді біріктіруге ниетті, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби Кабул әуежайы маңында жарылыс болғанын растады. 26 тамызда АҚШ, Ұлыбритания мен Аустралия Кабул әуежайының шабуылға ұшырауы мүмкін екені туралы өз азаматтарына ескерткен еді.