Жамбыл облысындағы жарылыс: аудан оқушылары қандай форматта оқиды?

Шолпан Каринованың сөзінше, биылғы оқу жылында еліміздегі барлық мектепте штаттық форматта басталады.

Жамбыл облысында болған оқиғаға байланысты Білім және ғылым министрлігі шұғыл шаралар қолданды. Бұл хабарды естіген бойда түн ішінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Жамбыл облысына барды. Балалардың қазіргі жағдайын анықтап, көріп, ата-аналармен, мұғалімдермен кездесіп, бұл жағдайды білдік. жағдайын білді. Балалардың жағдайы қазіргі уақытта бірқалыпты. 5 елдімекенде орналасқан мектептер күрделі жөндеу жұмыстарын талап етпейді. Сонымен қатар шағын жұмыстарды қажет ететін жағдайлар бар. Сондықтан бұл мәселеге байланысты тиісті аудит жұмысы жүргізіледі. Осы жұмыстарды Жамбыл облысы әкімдігі мен білім басқармасы қарастырып жатыр, — деді Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Осыдан кейін Baribar.kz тілшісі вице-министрден Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектептер биыл қандай форматта оқытатыны туралы тағы да нақтылап сұрады.

Бұл — кеше ғана болған жағдай. Біздің өкіл қазіргі күні Жамбыл облысында. Сол жерде жергілікті атқарушы органдар тиісті шараларды қабылдап жатыр. Барлық жағдайдың анық-қанығына жетіп, тиісті шешімдер қабылданады. Осыдан кейін оқу форматы бойынша жұмыс жүргізіледі, — деп жауап берді Шолпан Каринова.